26 Сәу 2021
Страницы "Т.Шевченко атындағы жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Кітапхана қызметі

Мектеп кітапханасы


Т.Г.Шевченко атындағы ЖОББ мектебіндегі «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша

2023-2024  оқу жылындағы анықтамасы.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша  қыркүйек айында жаңадан келген көркем әдебиетке «Жаңа кітап – жаңа әлем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Оқырман мектеп» 5минут, 20 минут дауыстап оқуды ұйымдастыру түрі өткізілді. «Тіл білімнің атасы» тілдер күніне орай кітап көрмесі өткізілді. «Отбасы – бақыт ұясы» сынып сағаты өткізілді. Қазан айында балалар әдебиетінің жазушысы М.Әлімбаевтың 100 жасқа толуына орай «Балдырған бағбаны» атты кітап көрмесі жасалды. Республика күніне «Менің Отаным Қазақстан»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Т.Ахтановтың 100 жасқа толуына орай «Рухы биік жазушы» атты дөңгелек үстел өткізілді.Қараша айында  Т.Әбдіктің Бір ел – бір кітап акциясы бойынша «Парасаты биік суреткер» танымдылық сағаты өткізілді. Желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тірегі – мәңгілік ел» атты кітап көрмесі және «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» атты ертеңгілік өткізілді.    С.Сейфуллиннің 130 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты тәрбие сағаты өткізілді. Қаңтар айында «Мақал - сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы» атты викториналық ойын ұйымдастырылды. Балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың 100 жасқа толуына орай «Кітап – сарқылмас қазына» атты тәрбие сағаты өткізілді.Алдағы жоспар бойынша «Оқы ,ізден, талаптан» , «Мен оқыған кітап», «Кітапты махаббатпен сыйлаңыз» атты  тағыда басқа іс-шаралар өткізіледі.


«Балдырған бағбаны»  М.Әлімбаевтың туғанына 100 жыл


«Жаңа кітап – жаңа әлем»  кітап көрмесі.


«Менің Отаным Қазақстан» кітап көрмесі


«Отбасы - бақыт ұясы» сынып сағаты


«Оқырман мектеп» 20 минут дауыстап оқуды ұйымдастыру


 Бір ел – бір кітап «Парасаты биік суреткер» Т.Әбдік 80 жыл

 


 «Рухы биік жазушы» дөңгелек үстел

 


«Тіл білімнің атасы» кітап көрмесі.


Оқырман міндеттері

 

Кітапхананы қолдануда  нақты ережелерді орындау:

Кітапханадан алынған құжаттарға ұқыптылықпен қарау, белгіленген уақытта қайтару

Құжаттарды алысымен  әрбір басылымдарды мұқият қарап, жетіспеушіліктер болса кітапханашыға баяндауға

Құжатт беттері жыртылып қалған жағдайда, соңғы пайдаланған оқырман жауапты

Жыл сайын оқу жылының соңында өзінің атына тіркелген барлық құжаттарды тексеруге

Құжаттарды жоғалтқан немесе жыртқан жағдайда, оларды кітапханашы құны тең деп санаған құжатпен немесе  жалғыз  даналы құжатпен алмастыруға

Құны тең құжатпен алмастыра  алмаған жағдайда, жоғалған басылымның құнын үш есе көлемінде төлеуге

Университеттен шыққан жағдайда, кітапханаға өзінде жазылып тұрған барлық құжаттарды тапсырып, кету қағазына қол қойдыру керек

Кітапхана ішінде тыныштық және тазалық сақтауына, басқа оқырмандармен сондай –ақ, қызметкерлермен дұрыс қарым –қатынаста болуына

Жаңалыктар